Амбулаторлық-емханалық көмек көрсету ұйымдарымен халыққа медициналық көмек көрсету көлемінің осы нормативтері өзіне БМСК деңгейінде медициналық қыметтер тізілімін енгізеді:
1) БМСК пен үйде жалпы тәжірибедегі дәрігерді, учаскелік терапевт/педиатр дәрігерлерін қабылдау;
2) учаскелік қызмет бөлімшесі/жалпы дәрігерлік практика орта медициналық қызметкерлердің БСМК дәрігерге дейінгі көмек пен үйде қарау;
3) БСМК ұйымында әлеуметтік қызметкердің қабылдауы мен әлеуметтік патронаж;
4) Психологты қабылдау: жеке және топтық кеңес беру;
5) Персоналмен және халықпен семинар-тренинг өткізуді ұйымдастыру;
6) 18 жасқа дейінгі балаларды физиотерапиялық емдеу;
7) Зертханалық-құралдық зерттеулерді өткізу соның ішінде экспресс диагностикалау әдісі арқылы.