Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Елімізде 179 мың адам онкодиспансерде есепте тұр

06.02.2019 Осыған байланысты елімізде 10 күндік шара басталды. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі кез-келген тұрғын онкодиспансерлер мен онкоорталықтарға барып скринингтен өтіп, дәрігердің кеңесін тегін ала алады. Жалпы биыл мемлекет онкологиялық скринингке қазынадан 4,3 млрд теңге бөліп отыр. Онкологтардың пікірінше, қазір тік ішек пен тоқ ішектің обыр дертінің белгілерін бірден байқалмайды. Науқастардың көбі дерті дендеп, аурудың 3-4-ші сатысында келеді екен. Бір ғана Алматының өзінде скринингтен кейін тіркеуге алынғандар саны 25 пайызға көбейген. Мұратжан Сақтағанов, онколог-маммолог: - Сүт безі қатерлі ісігінің, жатыр мойны ісігінің және тоқ-ішек пен тік ішектің қатерлерінің алдын-алу. Осы үш бағдарламаны айттым. Тек қана сүт қатерлі безін дұрыстап нәтижеге жетіп жатырмыз. Сүт безі қатерлі ісігі 25 пайызы скрининг арқылы анықталған.

Возврат к списку