01.11.2019
Алматы қаласы, №19 қалалық емхана КМК. Қала тұрғындарының мүмкіндігіне арналған "Денсаулық" акциясы Магнум-2 сауда орталығында 19.11.2019ж өтті. Акцияның негізгі мақсаты: қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттай отырып, белсенді өмір сүру және де алдын алу бойынша ұйымдастырылып отыр. Шара барысында мамандар: хирург, окулист, кардиолог, невропатолог, отоларинголог, терапевт, психолог және "СПИД" орталығы мен "Тері-венерология" диспансері мамандары - сауда орталығының тұтынушылары мен жұмысшыларының денсаулықтарын тексеруге мүмкіндік жасады. Және де флюорографиялық тексерулер жүргізілді. Сонымен қатар азаматтардың қан қысымы мен қандағы қант пен холестерин мөлшерін анықтады.
Аталмыш жәрмеңке барысында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" жүйесі жайлы ақпараттармен бөлісіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
Денсаулық акциясында 140-қа жуық адамға медициналық көмек көрсетілді. Бұл акция халыққа қолайлы қылап жасалынғандықтан тұрғындар да қолдап, өз алғыстарын білдірді.
Мұндай акиялар біздің емхана мамандарымен бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Жылына бірнеше рет болатын жәрмеңке әлі де жалғасын таппақ...





Возврат к списку